Бүгін Маңғыстау облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде  «Діни радикалдану – қоғамға қауіпті құбылыс» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, ғұламалар кеңесінің хатшысы, филология ғылымдарының PhD докторы, РАНТ мүшесі Батыржан  Мансұров, ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Ануар Елжанов және «ОТПАН» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» ҚҚ төрағасы Азамат Тулепов қатысты.

– Қазақтың салт-дәстүрін жоққа шығару, ұлттық құндылықтарымызды  дәстүрлі Ислам құндылықтарымен ұштастыра алмау діни адасушылыққа әкеп соқтырып, еліміздегі діни ахуалға нұқсан келтіруде. Бастапқы діни білімді отандық медреселер мен мешіттегі имамдардан алмаған жастардың шетелдегі күмәнді діни білім ордаларына баруы олардың жеке бастарына да, ұлтымызға да, мемлекетіміздің  қауіпсіздігіне де қатер. Өйткені, жат идеологияны бойына сіңірген қаракөздеріміз радикалданып, халықаралық террористік ұйымдарға қосылуда. Бұл қауіптің алдын алу үшін діни білімді Қазақстанда алудың маңызы өте зор, – деді ол.

Батыржан Мансұров жастарды ата-бабамыз армандап кеткен тәуелсіздікті баянды етеміз десек, ең алдымен білім алып, елге адал қызмет етуге шақырды.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *