ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

0
538

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімі ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымдығы арттыру мақсатында кездесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айнабек Ерболат, Шымкент қалалық “Ассамблея жастары” РҚБ өкілдігінің төрағасы Мейірбеков Нұрболат Шымкент қаласы Білім басқармасының “Саз колледжі” МКҚК-нің студенттері қатысты.

Зайырлы дегеніміз – дін белгілі бір мемлекеттің мәселелеріне араласпайды. Сол сияқты мемлекет те, ұстанып отқан дініміз мемлекеттің тыныштығына, бірлігіне, берекетіне зиянын келтірмеген жағдайда онда мемлекет те діннің мәселелеріне араласпайды. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан адамдар кез-келген дінді ұстануға құқығы бар. Республикамызда көп этникалық және конфессионалды Қазақстан халқының діни мүддесін білдіретін 18 конфессияның өкілдері бейбіт қатар өмір сүреді және өзара әрекеттесуі жайында жастарға кеңірек түсіндіріп өтті.