«Сұхбат» сөзінің мағынасын білесіз бе?

0
738

Сөздікте «Аз уақыт болса да бірге болу» деген мағынаны білдіретін сұхбат «Дос табу және танысу, бір мекенде немесе руһани бірге болу, кездесу, көрісу» сияқты мағыналармен қоса алғанда «Діни және дүниелік мәселелер талқыланған алаңы» деген мағынаға да келеді.

Құран Кәрімде Хз. Әбу Бәкірдің Алла Елшісінің сахабасы (досы) болғаны айтылады (Тәубе сүресі, 40 аят). Осы жердегі сөйлесу сөзінің сөздік мағынасын қарастыратын болсақ, Алла елшісінің сұхбатында болған мұсылмандар үшін көпше түрі «Асхаб» десе, жекеше «Сахаба» терминдері қолданылған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сахабаларын әңгіме/сұхбат арқылы хабардар етіп, тәрбиелегендіктен, осы сүннетті ұстанған ғұламалар мен сопылар да әңгіме/сұхбаттарын жеткізу мақсатында қалқалар ұйымдастыру арқылы өз білімдерін жұртшылықпен бөлісті.

Сұхбат/әңгімелесу «діни білімі бар тұлғалардың немесе ғұламаның сөзін тыңдау үшін ұйымдастырылған діни-мистикалық кездесу» мағынасында көп қолданылады. Сахаба сөзімен мағаналыс сұхбат, жиналған жамағат ғайбат, өтірік, жала жабу, сөз тасу сияқты күнәлары жоқ, көңіл күйді көтеруге, руһани тәлім алуға арналған әңгімелесу, достықты нығайтатын кездесулерге айтылады.

Әбу Наср Абдулла б. Әли б. Мұхаммед әс-Саррадж әт-Туси (ө. 378/988) деген ханафи мәзһабының ғалымы өзінің «әл-Лумма» деген еңбегінің 234-бетінде сұхбаттың түрлері туралы былай дейді: «Сопылар Алламен сұхбат, Пайғамбарымыз Мұхаммедпен (с.ғ.с.) сұхбат, адамдармен сұхбат, өз нәпсісімен сұхбат және шайтанмен сұхбат сияқты түрлері бар дейді. Алла Тағаламен сұхбат дегеніміз ақиқатпен/әділдікпен жақындық орнату. Адамдармен сұхбат шынайы болу. Нәпсімен сұхбат, оған қарсы тұру. Шайтанмен сұхбат онымен үнемі күресу дегенді білдіреді».