ПАВЛОДАРДА «УАҚЫП» ҚОРЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

0
323

ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбай арнайы іс-сапармен Павлодар облысына келіп, өңір имамдарымен жүздесті.

Ардақ Нүсіпханұлы Павлодар облысына қарасты қала, аудан имамдарымен кездесіп, «Уақып – сарқылмайтын сауап» тақырыбында сүбелі сұхбат өткізді. Көшпелі насихат жұмысында имамдарға уақыптың негізгі  мақсаттары кеңінен түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді. 

Сондай-ақ басқарма төрағасы жергілікті кәсіпкерлермен де кездесіп, уақыптың пайдасы мен  сауабы туралы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянынан мысал келтіре отырып түсіндірді.

Одан кейін Ардақ Нүсіпханұлы Павлодар өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры ұйымдастырған қайырымдылық шарасына қатысып, мұқтаж 160 отбасыға азық-түлік пакеті үлестірілді.