Түркияда Бас Мүфти атынан ауызашар берілді

0
466

Түркияның Кайсери қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан ауызашар дастарқаны жайылды.

«Bereket» мейрамханасында өткен ауызашарға Хасеки діни жоғары академиясының және Эрджиес университетінің студенттері қатысты.

Ауызашар кешінде ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі, «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе отырып, қонақтарды мүбарак Рамазан айымен құттықтады. Сонымен бірге алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын бірқатар мәселеге де тоқталып, «Талаба» қауымдастығының Кайсери қаласындағы өкілі Нұрбол Абубакировты көпшілікке таныстырды.

Кайсери қаласына арнайы іссапармен келген Жандос Айтбай Хасеки діни жоғары академиясының базасымен танысып, онда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен арнайы кездесті. Кездесуде Түркиядағы қазақстандық  студенттермен қарым-қатынасты күшейту мақсатында және олармен жүйелі жұмыс жасайтынын жеткізді.