Шымкент: TED-X форматында кездесу өтті

0
152

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық мешітінде TED-X форматында «Мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбына арналған кездесу өтті.

Кездесу шарасына Шымкент қаласы Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешіті шәкірттері, барлығы 50 қыз қатысты. Оларға ұстаздар Әсем Аязалиқызы, Арайлым Алмасқызы, Гүлжан Нұрланқызы және Гүлжан Сыздықова «Иман тәттілігі, «Көшбасшы болу жолдары», «Әлеуметтік желі», «Дос табу өнері» тақырыбында  ақыл-кеңестерін айтты.