Бас имам жамағатты Қадір түнімен құттықтады

0
363

Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов жиналған көпшілікті қасиетті Қадір түнімен құттықтап, уағыз-насихат айтты. Уағыз-насихат барысында иман, ихсан және қасиетті Қадір кешінің мән-маңызына айрықша тоқталды. Сондай-ақ, биылғы жылы қасиетті Рамазан айында атқарылған рухани һәм қайрымдылық жұмыстары туралы хабардар етті. Соның ішінде 30 мың отбасыға «Рамазан қоржыны», «Рамазан тәттісі»  таратылды. Бір отбасыға баспана табыс етілді. Ең ерекше жұмыстардың бірі һәм бірегейі  45 мешітте 87 қарилар Құран хатым түсіріп, бір мезетте Құран хатым дұғасы жасалды.