ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАУАПТЫ ТАҢДАУ ЖАСАУҒА ДАЙЫН

0
495

Бүкілхалықтық референдумға санаулы күндер қалды. Ақпараттық-түсіндіру топтың жұмысы қарқынды жүргізілуде. Осы мақсатта бүгін Еңбекші ауданына қарасты «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Shymkent qagazy» ЖШС ұжымымен кездесу өткіздік.

Жиында ҚР Мәжіліс депутаттары Ғ.Ташқараев, Б.Бекжанов, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Р.Оспанәлиева, Б.Әшірбаев аталмыш кәсіпорынның қызметкерлеріне референдумның маңызы туралы кеңінен әңгімеледік.

Естеріңізге салайын, 2021 жылдың 16 желтоқсанында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағында В-0, В-1, К-0 және К-1 маркалы картон қағазын шығаратын «Shymkent Qagazy» ЖШС зауыты іске қосылған болатын.Жобаға салынған инвестиция көлемі 1,5 млрд теңге, жаңа жұмыс орындарының саны 50 адам. Жобаның өндірістік қуаттылығы – жылына 3 миллион қорап, 10 мың крафт-қағаз. Дайын өнім ішкі нарықта толығымен қолданыста. Алдағы күндері компания өз өнімдерін ТМД, Қытай және Шығыс Еуропа елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.

Референдум әр қазақстандыққа жеке таңдауын жасауға мүмкіндік беретін бірден-бір жол. Мемлекеттің басты құқықтық құжатын тұрғындардың өздері қабылдайды. Маңыздылығы сонда жатыр. Дауыс беру арқылы халық өз болашағын өзі шешеді. Сол үшін де әр дауыстың маңызы зор екенін айтқым келеді. 5 маусым күні баршаңызды өз таңдауыңызды жасауға шақырамын.

#ReferendumAmanat
#AMANAT
#AMANATпартиясы
@AMANATPartiasy