ҒИБРАТҚА ТОЛЫ ПАЙҒАМБАРЛАР ӨМІРІ атты ашық сабақ өтті

0
554

Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешітінде қыз балаларына арналған қысқартылған жазғы діни сауат ашу курсы қарқынды түрде өтуде. Міне курстың соңғы аптасы бплплардың тәлім-тәрбиесін сынаумен өтуде. Солардың бірі Пайғамбарлар баяны пәнінен өткен «Ғибратқа толы пайғамбарлар өмірі» атты ашық сабақ еді. Сабақта балалар екі топқа бөлініп сайысты. Шәкірттер қиссаларды көркем жеткізу, ребус құрау, сұрақ-жауап беру және сөзжұмбақтармен білім сынасты. Шәкірттер бұл сабақта тағы да білім үстіне білім қосумен қатар көңіл де көтерді.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі