ТАҢДАУ ЖАСАУ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

0
391

Санаулы күндерден кейін өтетін республикалық референдумның маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы ретте Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы және «Нұртас» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткіздік. Кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Жадыра Таңатарова, Қайрат Имашев және Қоғамдық кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев қатысты.

Шара барысында жиналғандар референдум жайлы толғандырған пайымды пікір, орамды ойларын ортаға салды. Жиында қатысушыларға Жаңа Қазақстанды құруда Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар демократияның дамуына негіз болатыны сөзсіз. Еліміздің ертеңі үшін референдумға қатысып, дауыс беруге баршаңызды шақырамын.

#ReferendumAmanat