Венецияда тұңғыш мешіт ашылды

0
391

Италияның Венеция қаласында тұңғыш рет мешіт ашылып, оған елдің ислам қоғамы өкілдері мен қала басшылығы қатысты.

Енді ЮНЕСКО мұралары тізіміне кірген және туристік орталық болып табылатын қала мұсылмандары үшін құлшылық қылатын жер де пайда болды. Бұл Венецияның тартымдылығын одан сайын арттырары сөзсіз.

Мешіт ғимараты Венеция мен жақын жердегі өнеркәсіптік порттты қала Местренің мұсылмандары жинаған зекеттің ақшасына сатып алынған.