Сall center қажылардың сұрақтарына жауап беруде

0
579

Қазақстан қажылық миссиясы жанындағы Сallcenter қасиетті мекендерге келіп жеткен қажылардың сұрақтарына жауап беруде.

Орталық 3 күнде қажылардың 150 сұрағына жауап беріп, құлшылықтарды дұрыс атқаруға қатысты бағыт-бағдар берді. Атап айтқанда, орталық мамандары ихрам киюге қатысты – 81, ұмра және бәдел қажылық тақырыбындағы 13, шайтанға тас ату жайлы 5 және әртүрлі бағыттағы 51 сұраққа жауап берді.

Айта кетейік, Қазақстан қажылық миссиясы ұйымдастыру, уағыз-насихат, алғашқы дәрігерлік көмек, ақпарат және Сallcenter (сұрақ-жауап, пәтуа т.б) секілді 5 бағыт бойынша жұмыс істеуде.