Бірлік – береке бастауы

0
513

Мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетовтың төрағалығымен өткен он сегізінші сессияға әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы қаралды.

Сессия отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова да қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Ғабит Мәуленқұлов баяндама жасады. Бұл мәселе бірлескен тұрақты комиссия отырысында толыққанды зерделенгендіктен, сессияда Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы шешімі бір ауыздан қабылданды. Ал қаламыздағы бесінші ауданға атау беру бойынша мәселе қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес алдағы сессияда Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, отырыста сенаторлар өз салалары бойынша бірқатар атқарған жұмыстарына тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде, мәслихат депутаттары білім, медицина, инфрақұрылым мен басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Жиын соңында сөз алған сенаторлар барлық айтылған ұсыныс-тілектер алдағы уақытта ескеріліп, жұмыс барысында қаралатындығын жеткізді.