Министр Дін мәселелерін зерттеу орталығында болды

0
439

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров сапар барысында Алматы қаласындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұжымымен кездесіп, қаладағы мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Жұмыс сапары аясында министр Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне барып, Митрополит округі Түркістан епархиясының 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Ежелгі орыс өнері» көрмесіне қатысты. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Митрополит округі епархияның ісін лайықты жалғастырушы ретінде, ағартушылық және қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысып, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттап, этносаралық және конфессияаралық диалогты дамытуға үлес қосып жүр.

Бұған қоса көрмеде Ә.Қастеев атындағы музей қорынан алынған XVII-XIX ғасырдағы шіркеу өнері жинағының тұсауы кесілді.