Сахаба жазған Құранның цифрлық көшірмесі жасалды

0
350

Жақында іске қосылған Metadee деп аталатын лондондық цифрлық алаңша сирек коллекция бұйымы – тарихи маңызы зор Құранның қолжазбасын жарыққа шығарды.

Қасиетті кітаптың цифрлық көшірмесін Оксфорд университеті археология және өнер тарихының зерттеу зертханасы сертификаттады.

Бұл қолжазбаны пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сахабасы Зейд ибн Сабит әл-Ансари жазған. Ол Алла елшісінің (с.ғ.с.) жеке хатшысы және түскен Құран аяттарын жазушысы болған. Қолжазбаның түпнұсқасы Швейцарияда сақтаулы.

Metadee алаңшасының негізін қалаушы және абсқарушы директоры Дапали Шукланың айтуынша, кітаптың үшінші, төртінші және бесінші томдарының да цифрлық көшірмесі жасалмақ.

Фото:thenationalnews.com