Израиль репортерінің мұсылмандардың қасиетті қаласы Меккеде түсірген кадрлары интернетте вирусқа айналып, әлеуметтік желі қолданыушыларының наразылығын тудырды.

13 телеарнадағы әлем жаңалықтарының редакторы Гил Тамари әл-Харам мешітін көрсетіп түскен видеосында Меккеге табан тіресем деген арманы орындалғанын айтады.

Айта кетсек, Мекке мен Мәдинаға өзге дін өкілдерінің кіруіне тыйым салынады. Желі қолданушылары Гил Тамари Меккеге мұсылманмын деп алдап заңсыз кірді деп есептейді.

Жалпы әлемнің көптеген өзге дін өкілдері Мекке мен Мәдинаға барып бір көруді армандайды. Сондай-ақ жыл сайын олардың арасында қажылығын өтейтін мұсылман болып, алайда шын мәнінде екі шахарды көріп кету үшін ғана заңсыз келетіндер аз емес.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *