Швецияда Құранды өртеуге тыйым салынады

0
443

Биыл қыркүйек айында өтетін сайлауда Швецияның риксдагынан саяси өкілдігін ашуға тырысып жатқан жаңадан құрылған “Нюанс” партиясы елде “сөз және пікір бостандығына” шектеулер енгізуге ниетті. Бұл туралы Sydsvenskan газеті жазды. Сонымен қатар, партия бүкіл әлемді шулатып жүрген Құран өртеушілердің әрекетіне тыйым салмақшы. Бұны мұсылмандарға деген жеккөрінішті туғызатын және этностық топтармен қатынасты нашарлататын нәрсе деп бағалап отыр. “Біз сөз бостандығын қолдаймыз, бірақ кейбір шектеулер енгіземіз”, – деді партия жетекшісі Микаиль Юксель. Айта кетейік, биыл швед азаматтығын алған экстремист Расмус Палудан мен оның жақтастары көшеде Құранды өртеп, мұсылмандардың наразылығын тудырған болатын.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Швецияда Құранды өртеуге тыйым салынады | Қазақстандағы Ислам