Дін саласының мамандарына арналған семинар өтті

0
525

«Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2022 жылдың 9 тамыз күні Қарақия ауданында дін саласында жұмыс жүргізетін мамандарға «Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу» тақырырыбында семинар өтті. Семинарды Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының директоры Азамат Тулепов  жүргізді. Семинардың басында және соңында «Діни сауаттылықты арттыру және діни радикализм қаупін ажырату» бойынша қатысушылардың білімдерін тексеруге арналған тест өткізілді. Іс-шараның басында олардың 45% ғана сұрақтарға дұрыс жауап берсе, соңғы тестте бұл көрсеткіш 90%-ды құрады. Деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың діни кошбасшылары, сондай-ақ радикалды идеологтардың дәрістерінде көп қолданылатын «бидғат, такфир, мүшрик, ширк» сөздерінің дәстүрлі ислам тұрғысынан дұрыс анықтамалары берілді. Сонымен қатар салафизм ағымының мадхали және такфир  бағыттары бойынша кең көлемде ақпарат беріліп, семинар жұмысы слайд форматында өтті. Діни радикалдану  – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізлді. Шара соңында қатысушыларға Отпан орталығы тарапынан «Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу» тақырыбында сертификат табысталды.