Исламиада: Қазақстан ойындарды 5-орынмен аяқтады

0
338

Түркияның Конья қаласында Қазақстан құрамасының қатысуымен өткен V Ислам ынтымақтастығы ойындары аяқталды. 54 ислам мемлекетінің спортшыларымен өткен жарыста қазақстандық спортшылар делегациясы 89 жүлдеге ие болды: 27 алтын, 23 күміс және 39 қола. Бұл жарыстарда Қазақстанның намысын жарыстың 16 түрі бойынша 125 спортшы қорғады. Екі апталық доданың қорытындысы бойынша қазақстандықтар жеңіс тұғырының ең биік сатысына 27 рет көтеріліп, жалпыкомандалық медальдық есепте бесінші орыннан көрінді. Ал Ислам ойындарының көшбасшысы Түркия болды. Түріктердің еншісінде 341 медаль бар: 145 алтын, 107 күміс және 89 қола. Олардан кейін Өзбекстан, Иран және Әзірбайжан тұр. Салыстыру үшін айта кетейік, 2017 жылы өткен IV Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы сапында спорттың 7 түрінен 35 спортшы қатысқан еді. Нәтижесінде қазақстандықтар 2 алтын, 5 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 14-орынға тұрақтаған еді.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Исламиада: Қазақстан ойындарды 5-орынмен аяқтады | Қазақстандағы Ислам