Отбасы құндылығы мен тәрбие

0
1325

Отбасылық құндылықтар отбасының негізі болып табылады. Ол әдет-ғұрыптардан, дәстүрлер мен қарым-қатынас туралы түсініктерден құралады. Мұның бәрі аға ұрпақтан жастарға беріледі, ол мезгіл-мезгіл өзгеріп отырады. Алайда, отбасының негізгі құндылықтары әрқашан өзгеріссіз қалады. Отбасы құндылықтарының белгілі бір жиынтығынсыз өмір сүре алмайды. Өйткені қоғам бірлігі құрылмаса, отбасылық құндылықтар өз мәнін жоғалтады. Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас дәл отбасылық құндылықтар негізінде қалыптасады. Сондықтан ерлі-зайыптылар жылдар бойы рухани денсаулық пен бірлікті сақтауы тиіс.

Сондай-ақ, отбасылық құндылықтар отбасын құру кезінде ғана емес балаларды тәрбиелеуде де маңызды рөл атқарады. Отбасын құрғанда адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата — бабасының салт — дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді.

Отбасылық құндылықтар адамның санасында өте қарапайым түрде  қалыптасады. Бұл процесс бірнеше кезеңнен тұрады:

— Балалық шақта;
— Мектеп жасында;
— Ересек өмірде;

Әрине, бала үшін ең үлкен әсер, өз отбасы. Ата-ана отбасылық құндылықтарды қалыптастыратын негіздердің дұрыс жиынтығын өз үлгісімен көрсетуі керек. Осылайша отбасылық құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Отбасы құндылықтары — ғасырлар бойы өзгермеген отбасылық байланыстардың көрінісі іспетті. Ол сенім, құрмет, салт-дәстүр, дін, діл, жауапкершілік, кешірім, адалдық, жомарттық, сүйіспеншілік сынды берік отбасылық байланыстарды құрайды.

Ал, баланы тәрбиелеу барысында оның бойына осы құндылықтар мен байланыстарды қалай сіңіру керек деген сұрақ туындайды. Әрине, отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі, жан- жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым — қатынасынан құрылады.  Әрине, шешімі де оңай. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Тәрбие алуды бала ана құрсағынан бастайды да өмірінің соңына дейін сол құндылықтардың негізімен өмір сүреді. Міне, біз осылай парассатты ұрпақты тәрбиелей аламыз. Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – достарынан», – деген екен. Сол себепті, тәлім-тәрбиесі мықты ұрпақты өсіргіңіз келсе әуелі отбасындағы құндылықтардың сақталуына мән бергеніңіз жөн.

Жұмаділлә Бексұлтан, 
Шымкент қаласы дін істері басқармасы
“Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің теологы