Радикализм мен жат ағымға тосқауыл – өзекті міндет

0
359

Бүгін Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Ақтау қалалық «Бекет Ата» мешітінің жамағаты арасында «Діни радикализм мен жат ағымдардың алдын алу» тақырыбында РАТТ мүшесі, Отпан орталығының директоры Азамат Тулепов семинар жұмысын ұйымдастырды. Семинарда бүгінгі күні салафизм (уаһабизм) ағымын жақтаушылар дәстүрлі ислам құндылықтары Әбу Ханифа мазхабы мен Матуриди сенімін адасушылыққа, теріс ағымға және дінге жаңалық енгізуші ретінде қарастырып, дінге енді бетбұрған жастарды адастырулары байқалуда. Бұл ретте жамағат арасында имам Матуриди сеніміне күмәнмен қарап, Орталық Азияда мың жылдам астам халық ұстанып келе жатқан дәстүрлі бағытты мансұқтайтындар мен адасқандық пен теріске шығарушыларға имам Матуридидің өмір тарихы, оның түрлі теріс ағымдар мен топтарға тойтарыс бергендігі, өмір сүрген кезеңдегі тарихи оқиғалар мен жазған кітаптары жөнінде талқыланды. Сонымен қатар жамағатқа инфографикалық тәсіл арқылы имам Матуриди сенімінің діни трактоттары имам Әбу Ханифаға барып жалғасатыны, ол әрі қарай сахабалардың іліміне, одан кейін Мұхаммед пайғамбардың жолына барып тірелетіндігі жайлы жан-жақты ақпараттық түсіндіру және ағартушылық жұмыстары жүргізілді. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.