Елордада съезд хатшылығының ХХ отырысы басталды

0
371

Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының ХХ отырысы басталды. Күн тәртібінде ҮІІ съездің секциялық отырыстарының модераторлары мен баяндамашыларын бекіту, съездің қорытынды құжаты – Декларациясы жобасын мақұлдау, Хатшылықтың ХХІ отырысын өткізу күні мен орнын бекіту, сондай-ақ кезекті ҮІІІ съезді өткізу мерзімдерін айқындау жоспарланған. Хатшылық отырысына Парламент Сенатының Төрағасы М. Әшімбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, конфессия өкілдері, т.б. қатысуда.