Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылордадағы №60 мекемесінде  жазасын өтеп жатқан экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған азаматтарымен теологиялық оңалту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Атап айтар болсақ, жергілікті діни бірлестік өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың теологтары апта сайын мекемеге келіп, түрлі діни және қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптейтін тақырыптар бойынша сотталғандармен жеке және топтық кездесулер өткізуде. Бүгінгі өткен сондай кездесулердің бірінде сотталғандар діни сауаттарын жетілдіріп, көзқарастарын оң бағытқа бейімдеді. Сондай-ақ, өз ойларын ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті. «Қазіргі таңда екінші рет экстремизм және терроризм баптары бойынша жазамды өтеп жатырмын. Алайда осы мекемеге келгелі діни сауатым ашылып, өзіме таңсық болған көптеген мәліметтермен таныстым және діни мәселеде өзіме күмәнді болған сұрақтардың шешімін таптым деп ойлаймын. Айта кететіні біз бұл жерде діни сауатымызды арттырып қана қоймай қазақ елінің тарихы мен салт-дәстүрі бойынша да дәрістер алып жатырмыз. Бізге осындай жағдай жасап отырғаны үшін мекеме әкімшілігіне және мекемеге келуші мамандарға айтар алғысым шексіз. Алдағы уақытта бостандыққа шыққан кезде шалыс басып, өзге деструктивті діни ағымдардың арбауына түспейтінімді нық сеніммен айта аламын», – дейді Ж. есімді сотталған.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Түрмедегі теологиялық сауаттандыру жұмыстары | Қазақстандағы Ислам

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *