«Джебхат ан-Нусра» лаңкестік ұйым мүшелері 5 шабуыл жасады

0
368

Ресей қорғаныс министрлігі соңғы тәулікте «Джебхат ан-Нусра»* лаңкестік ұйымының Идлибтегі деэскалация аймағынан 5 шабуыл жасағанын хабарлады. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Хмеймим базасындағы Ресей үйлестіру орталығы бастығының орынбасары контр-адмирал Олег Журавлевтың мәлімдемесінде осы лаңкестік ұйымның позицияларынан 5 атқылау тіркелгенін, оның ішінде екеуі Алеппода және үшеуі Латакияда болғанын айтлған. Хмеймимдегі Ресей үйлестіру орталығы басшысының орынбасары Олег Егоров 17 қыркүйекте Ресей әуе-ғарыш күштері Идлиб провинциясындағы «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік ұйымының штабына шабуыл жасап, нәтижесінде 45 лаңкестің, соның ішінде дала командирлерінің  жойылғанын айтты. Сондай-ақ қару-жарақ қоймасы мен екі материал қоймасы қиратылды, деп хабарлады генерал. Егоровтың айтуынша, залалсыздандырылған лаңкестер Идлиб деэскалация аймағында сириялық әскерилер мен бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдарға тікелей қатысы бар. Сонымен қатар, олар Сирия үкіметі бақылауындағы аумақта диверсиялық және лаңкестік әрекеттерді дайындаумен айналысқан. * Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым