Қазақстанда жасы 100-ден асқан 487 қарт бар

0
529

Қазақстанда 100 жастағы және одан да үлкенірек 487 тұрғын бар. Ең қарты Түркістан облысында тұрады, ол 121 жасқа толған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. «Әдетте, еліміздің оңтүстік өңірінде адамдар ұзақ өмір сүреді деуге болады. Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 75 адам бар екенін айта кету керек. Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында еліміздің ең ірі қаласы – Алматы. Онда 100 жастан асқан 62 адам тұрады. Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 55 адам тұрып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында. Сондай-ақ, ең қарт қазақстандық Түркістан облысында тұрады, оның жасы 121-де. Екінші – Шымкент қаласының тұрғыны, ол 120 жас-та. Үшінші қария Жамбыл облысында тұрады, ол биыл 119 жыл жасады. Айта кетейік, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады. Оны өткізудің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыруға назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарттар күніне орай елордада тұратын 91 672 зейнеткер біржолғы әлеуметтік өлем алады. Сондай-ақ, осы мерекеге орай елордалық мәдениет, білім беру, спорт мекемелері аға ұрпаққа қамқорлық, құрмет көрсетуге бағытталған көптеген іс-шара өткізеді.