Барлық құқықтар қорғалған.

0
291

Қазақстан Республикасы Президентінің №1038 Жарлығымен 2022-2026 жылдарға арналған қаржылық мониторингіні дамыту Тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім еткендей, Тұжырымдама халықаралық стандарттарды, сондай-ақ кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың өзекті қатерлерін ескере отырып әзірленген. Азаматтар мен қаржылық мониторинг субъектілері арасында кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ) бойынша кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізу жоспарланып отыр. Жоғары оқу орындарында, колледждерде және мектептерде қаржылық қауіпсіздік тақырыбында дәрістер өткізіледі. Бұл жұмыс әкімдіктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүйелі негізде жүргізіледі. Қазіргі уақытта АЖ/ТҚҚ саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін оқу бағдарламасы жоқ. Тұжырымдаманы іске асыру жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттар үшін мамандандырылған оқу орнын құруға арналған жұмыстар басталды. Сондай-ақ, қаржылық мониторинг субъектілерінің, өзге де ұйымдар мен азаматтардың құқықтық жағдайын нақтылау бөлігінде ФАТФ стандарттарын ұлттық заңнамаға имплементациялау жалғасып жатыр. Активтерді бұғаттау жөніндегі шараларды іске асыру нәтижесінде құқықтары бұзылған адал үшінші тұлғалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін тетіктер көзделген. Құжат сонымен қатар, қолданыстағы АЖ/ТҚ жүйесін жетілдіруді қарастырады. Осы мақсатта қаржылық мониторинг субъектілерінің күдікті қызмет туралы хабарламаларды хабарлау практикасы енгізіледі. Қаржылық барлау бөлімшесінің Талдамалық әлеуетін бюджет қаражатының жұмсалуын мониторингілеу үшін пайдалану жоспарланып отыр. Кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің болуына жаңа қаржылық қызметтер талданады. Кірістерді жылыстату тәуекелдерін анықтаудың жеделдігі бизнес-процестерді автоматтандыру, Ақпараттық жүйелер базаларын интеграциялау, үлкен деректерді талдау құралдарын енгізу есебінен қамтамасыз етіледі.

Қаржылық мониторинг субъектілері мен мемлекеттік реттеуші органдардың белсенді өзара іс-қимылы үшін Агенттік порталының функционалын пысықтап жетілдіру көзделген. Цифрлық активтер нарығының қарқынды өсуі кірістерді жылыстатуды және оларды пайдалану арқылы жасалған терроризмді қаржыландыруды мониторингілеу және болдырмау жөніндегі міндеттерді қосуға себеп болды. Тұжырымдамада қаржылық мониторинг субъектілері үшін цифрлық активтердің айналымына байланысты күдікті операциялар туралы хабардар ету режимін күшейту көзделген. Осы міндетті іске асыру үшін Агенттік Binance халықаралық криптобиржасымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Оның негізгі мақсаты – қылмыстық жолмен алынған, сондай-ақ кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға арналған цифрлық активтерді пайдалана отырып, операцияларды белгілеу және бұғаттау бойынша ақпарат алмасу. Заңсыз қаржылық операцияларды қадағалау жөніндегі жұмысқа IT құралдар енгізілмек. Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі цифрлық активтерге байланысты ерекшеліктерді қосу бөлігінде қайта қаралады. АЖ/ТҚҚ саласын дамытудың негізгі бағыттарының бірі – қылмыстық кірістерді іздеу және қайтару. Бұл міндетті іске асыру үшін капитал жылыстайтын юрисдикциялармен шарттық-құқықтық базаны кеңейту, активтерді іздеу бойынша IT құралдарын енгізу жоспарланған.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл күшейтілмек | Қазақстандағы Ислам