КАВКАЗ МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
148

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллашүкір Паша-Заде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Өзімнің, Әзербайжан және барлық Кавказ мұсылмандарының атынан сіздерді мүбәрак Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Қазақстандағы мұсылман бауырларымызға Құрбан айтта зор денсаулық, істеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін» делінген құттықтау хатта.