Дүниежүзілік Ислам Лигасының өкілдері – Нұр-Мүбарак университетінде

0
321

Нұр-Мүбарак университетіне Дүниежүзілік Ислам Лигасы Бас хатшысының Халықаралық істер жөніндегі өкілі Әбдел Әзиз бен Ахмад Сархан мырза арнайы зиярат жасады.

Мәртебелі меймандарды университет ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат пен проректор, PhD доктор Қайрат Құрманбаев қарсы алды.

Жылы жүздесу барысында Нұр-Мүбарак университетінің тыныс-тіршілігі мен даму үдерісі жайлы жан-жақты таныстырылып, ислами жоғары білім ордасының аяқ алысына қонақтар ризашылығын білдірді.   

Нұр-Мүбарак университетінің оқу кешенімен танысқан мәртебелі қонақтар университеттің даму мүмкіндіктеріне сенім білдірді. Тараптар кездесу соңында өзара ынтымақтастықты арттыруға, ислам әлеміндегі білім мен ғылым саласын дамытуға ортақ үлес қосуға ниет білдірді.