Д.А.ҚОНАЕВ МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ МӘУЛІТ КЕШІН ӨТКІЗДІ

0
385

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, «Д.А.Қонаев» мешіті әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туылған айы, «Мәуліт»  мерекесіне орай сайыс  және концерттік бағдарлама өткізілді. Бұл іс-шарада мәуліт мерекесінің құрметіне жамағатымыздың арасында салауат айтудан жарыс өтті. Оған белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болғандар:
1-орын Зуһра апай
2-орын Фатима апай
3-орын Мехринса апайларымыз.
Кеш барысында мәуліт жыры оқылып, иләһи әндер айтылып, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен ғибраттар айтылды. Жеңімпаздар марапатталып, ақ дастархан басында Құран бағышталып, дұғалар айтылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі