«САҒЫНЫШҚА АЙНАЛҒАН ӘЗ МҰХАММЕД (с.ғ.с)» АТТЫ КЕШ ӨТТІ

0
394

Барлық мақтау мен мадақ бір Аллаға тән, Оның пайғамбары Мұхаммедке ﴾с.а.у.﴿ Алланың есепсіз сәлемі мен салауаты болсын! Шырайлы Шым қаламызда бой көтерген Байғұт Баба мешітінде “Сағынышқа айналған Әз Мухаммед”атты Муәліт кеші болып өтті. Кешіміз Қасиетті Құранмен басталып ,мешітіміздің бас имамы Желеуов Дастан өзі келіп ашып берді.
Кешімізде қыздар төрт топ болып өзара сайысқа түсті. Топтардың атаулары да ерекше етіп қойылған екен.  Бұл да қыздарымыздың тапқырлығынан. Фирдаус, Асыл аналар, Соқибун, Имани гүл топтары сайысты. Сайысымыз төрт кезеңнен тұрды. Таныстыру, Видео ролик, Көрініс, Пайғамбарымыз (с.а.у) жақсы көрген тағамы. Қыздарымыз қолдарынан келгенше ең жоғарғы деңгейде барын салып сайыста өз өнерлерін көрсетті.
Кеш барысында мешіт жанынан ашылған Фурқан оқырмандар клубының кураторы Зауре Бақытжанқызы  әртүрлі тақырыптарда мақал-мәтел, хадистер жасырып , қонақ болып келген қыз-келіншектерімізге сыйлықтар үлестірді.
Әділ -қазыларымыз Шейх Мухаммад Садық мешіті ұстазы Жұлдыз ұстаз , Анламас ата мешітінің ұстазы Нұргүл ұстаз, Гауһар ана мешітінің ұстазы Гүлхан ұстаз әділ бағаларын қызу есептеп жатқанда мешітіміздің ұстазы Гулжан Нұрланқызы ұстазымыз керемет уағызымен барлығымызды өзіне ұйыта кетті .
Артынша Фурқан клубының қыздары Пайғамбарға сағыныш әнімен бәріміздің көзімізге еріксіз жас ұялатты.
  Сайыс соңында Әділ қазылардың бағасымен,көрермендер қолдауымен “Асыл аналар” тобы 1-орынды иеленді .
Артынша улкен 100 адамға ас беріліп,тәтті дастарқан жайылды. Ол жақта тағыда хадия сыйлар үлестірілді.   Келген барша қыз-келіншектерімізге,асыл аналарымызға ,бір ауыз сөзімізді жерге тастамай келген әділ-қазы ұстаздарымызға,осы кешке атсалысқан барша қыздарымызға,сайыскерлерімізге Алла разы болсын. Келген әрбір қадамдарына Алла мол сауаптан жазсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі