Діни радикализм – замана қатері

0
402

17 қарашада Мұнайлы ауданының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы “Радикалды діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы ақпараттық-насихаттық материалдарды дайындау және насихат жұмыстарын жүргізу” аясында «Ой-сана» психологтар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен “Діни радикализмнің алдын алу” тақырыбында семинар өтті. Семинарды облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Жайшылықов Дәуіт жүргізді. Шараға аудан жастары, мемлекеттік қызметкерлер және қоғам өкілдері қатысты. Елімізде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, адамзаттық құндылықтардың жалпы ұлттық бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөл атқаратынын, түрлі діндер мен конфессиялардың бірге өмір сүре алатынын және дін өкілдері арасында өзара түсіністік пен сыйластық негізінде үйлесімді дами алатынын әлемге үлгі етіп келеді. Сонымен қатар әр үш жыл сайын елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер съезі ұйымдастырылатын айта өтсек болады. Егер дін қоғамда өзінің функциясын дұрыс атқарса, онда ол елде тыныштық, бейбітшілік орнайды. Алайда, қазіргі таңда елімізде түрлі теріс бағыттағы діни ағымдар баршылық. Бұлардың негізгі мақсаты халықтың ынтымағын бұзу. Діни шиеленіс қоғам үшін қауіп төндіретін, азаматтардың денсаулығына, психикалық және әлеуметтік жағдайына нұқсан келтіретін, өздерінің діни қалауы мен көзқарасын мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына және дәстүрлі рухани құндылықтарға қарсы қоятын, Қазақстан үшін жат құндылықтарды таратушы деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларға тән. Діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізлді.