Тәуелсіздік күніне арнау

0
586

Жауға да қарсы тұрып,  дауға да табан тіреп,
Қайран бабам қайратты, дұшпандарды жайратты.
Бір Құдайдан басқаға басын имей паңдана,
Адал тағам жегені, арамдықтан сақтана.
Белін буды отқа да, төсін керді нықтана,
Намысынан айналдым, асыл бабам айбарлы.
Сенің берген жаның мен су боп аққан қаныңмен,
Жерім-елім аман қалды-ау аманат,
Келешегі кейінгі ұрпақтарға жалғанады.
Көк байрағым көк аспанда желбіреп,
Қалықтаған құстар дағы еркіндікті сезінеді.
Бақыт келді басына тәуелсіздік дарасы,
Қадірлей біл бұл бақты әр қазақтың баласы,
Ұмытпайық бұл күнді қандай болған бағасы.

«Жусан» операциясымен елге оралған Құдайбергенова Айманның Тәуелсіздік күніне орай арнаған өлең жолдары