«ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
248

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Самат Шоқанұлы мен Сәуле мешітінің найб имамы Рысқұлов Бақтыбек қатысуымен «Отбасы құндылығы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты — жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ отансүйгіштікке тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу.Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жастарымен өткен кездесуде, жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдарымен тәлім-тәрбиелік және де ата-ананы құрметеу қажеттегі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.