Жетісу: Спорт түрлерінен жарыс өтті

0
340

Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлының тапсырмасына сәйкес қалалық «Тәубе» мешіті мен өңірдегі бұқаралық спортты дамыту орталығының ұйымдастырумен бірқатар спорт түрінен жарыс өтті.

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – жамағаттың бірлігін арттыру, спортқа баулу.

Жарыс соңында жеңімпаздар алғыс хаттармен кубок және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Топтық сайыс бойынша қалалық «Нұр» мешіті жеңімпаз атанды.