Шымкент: 1500 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді

0
299

Ережеп айының құрметіне орай Шымкент қалалық өкілдігі, «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Күшіміз бірлікте» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Айтулы шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, «Уақып» қорының өкілі Ералы Есенгелдиевтер қатысып, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған 1500 отбасыға азық-түлік себетін үлестірді.

«Осы игі шараға қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға Алла Тағала разы болсын! Жаратқан Иеміз ережеп пен шағбан айларын берекелі етіп, Рамазанға аман-есен жетуімізді нәсіп етсін» деп бас имам батасын берді.

Айта кетейік, бір отбасыға (ұн, күріш, шәй, май, қант, макарон өкімдері т.б.) берілсе, көмекке мұқтаж жандарға жеңіл болу үшін қайырымдылық шарасы қаладағы «Ақмешіт», «Ордабасы», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «әл-Біләл» және «Дін Ислам» мешіттері таңдалып, бір орталықтан үйлеріне жеткізілді.