1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

0
334

Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен  Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов,  найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев,  Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, Шымкент қаласы дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы т.б. азаматтар қатысты.

Шымкент қаласы  әкімдігімен бірлесіп дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарқаны орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы 1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» қайырымдылық себетін үлестірілді. Оның ішінде күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б.  

Айта кетсек, көмекке мұқтаж жандарға жеңіл болу үшін «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы қаладағы  «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба»,  «Қождан ата»,   «Темірші ата» мешіттері таңдалып, бір орталықтан үйлеріне жеткізілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі