Ата-анамның мейірімін сағындым

0
404

Мен Гафуров Рауф Абдусаиджанович 1984 жылы Қырғызыстан Республикасы Қызылқия қаласында дүниеге келдім. Әке-шешем мектепте мұғалім. Зайырлы отбасыда тәрбиелендім. 2001 жылы мектепті бітіріп, Бішкек қаласындағы Медицина акадмиясында 4-ші курсқа дейін оқыдым. 2005 жылы үйленіп, бір баланың әкесі атандым. Діннен хабарым жоқ, нәпістің қалауымен ішкілікке бейім болып балалық уақытты босқа өткіздім. Қатты ойланып имандылыққа бет бұрайын деп 2010 жыл күз айынан мешітке жұма намазға бара бастадым. Сол мешіттің намазхандарымен таныстым. Дін мәселесінде имамға жүгінбей, намазхан жігіттердің уағыз-насихатымен бес уақыт намазға бет бұрдым. Ол жігіттер Таблиғи жамағатының мүшелері екен. Олар таблиғи жамағатының негізгі «Фазаил амал», «хаяти сахаба» атты кітаптарын оқуға насихат етті. Ол кітаптардыда оқыдым. Кейіннен иманымды арттыру үшін үй аралап үш, қырық күндік дағуатта жүрдім. Қырғызыстан республикасында Таблиғи жамағат ұстанымы кең таралған еді. Қосымша табыс табу мақсатында 2014 жылы шаруамен айналысамын деп Қазақстанға келмек болдым. Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында бір «Ерлан» атты жігіт меннен көмек сұрап бір затты шекарадан өткізіп бер деді. Кеден бекетінен көмектесіп өтпек болғанда тексеру барысында сол барсеткадан ақ порошок шықты. Сол кезде мені күдікті деп ұстап алды. Кейіннен маған іс-әрекетіме сай Қазақстан республикасының соты 15,5 жыл жаза берді. 2014-2021 жылдарды қаңтарына дейін Қызылорда қаласы ЗК-169/5 мекемесінде жазамды өтедім. Сол мекемеде терроризмді насихаттады деген күдікпен тағыда 5 жыл қосып берді.

2021 жылы қаңтарда Түркістан облысы № 55 (ИЧ-167/9) мекемесіне этаппен келдім. Келгенімде соңғы срок алғаныма күйзеліске түсіп  көңіл-күйім болмай жүрдім. Мекеменің әкімшілігі маған оң көзқараспен қарады. Кейіннен менімен дін саласы бойынша имам-теологтар түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізе бастады. Алғаш теологтар Таблиғи жамағат ұйымының шығу тарихына тоқталып, Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақидасына сәйкес келмейтінін мысалдармен келтірді. Әр айда екі рет теолог зайырлылық таным, дін мен дәстүр, кереғар діни ағымдардың салдары тақырыптарында кең түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сұрақтарыма толық жауап алып, түзелу жолына нық түстім.

Мен 9 жыл ішінде жазамды өтеу барысында қателіктерімді түсініп, анамның қадіріне жеттім. Бұл жерде ерекше айтайын дегенім, анам дүниеге алып келіп, еркелетіп өсірді. Мен анамның қасында жүріп, орамал, алтын, қажылыққа апарып разылығын алатын едім. Мына жерде отырып қолымнан ештеңе келмей, көзіме жас алып, дұғадан басқа ештеңе істей алмай отырмын. Ер азаматқа үлкен ұят іс екен. Алдағы уақытта бостандыққа шығып, әке-шешемнің ризашылығын алып, дұрыс кәсіппен айналысамын.

Құрметті бауырлар әке-шешеміздің қасында жүріп, солардың ризашылығымен мейіріміне бөлене білейік.