Қызылорда: Рамазандағы кезекті қоныстой Шиеліде өтті

0
357

Берекелі Рамазанның құрметіне бастау алған «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясы Қызылорда облысының Шиелі кентінде жалғасты.

Аудан орталығында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт апаты орын алып, көпбалалы жалғызбасты ананың баспанасын тілсіз жау жалмаған еді.

Мүшкіл күйге түсіп, далада қалған жанұяның тілегін ескерген Шиелі аудандық орталық мешіті мен «Зекет және қайырымдылық» қоры белсенді жамағатпен бірге көмек беруге асықты. Нәтижесінде, су жаңа үйден кем қылмай, санаулы уақыт ішінде толықтай қалпына келтіріп берді.

Күні кеше балалар рамазанның кезекті кешін өз пәтерлерінде қарсы алды. Облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған дін қызметкерлері мен мешіт жанашырлары қоныстойға арнайы барып, көпбалалы ананы қуанышымен құттықтады.

«Ел үлесі – пәтерге» республикалық жобасының кезекті қоныстойында бас имам Болатбек Абуов аудандағы белсенді азаматтар мен демеушілерді алғыс хатпен марапаттады.