«Рамазан айын арақ-шарапсыз өткізейік» шарасы жалғасуда

0
301

Қасиетті Рамазан айының басталуымен ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігіне қарасты мешіт имамдары мен зиялы қауым өкілдерінен құрылған арнайы түсіндіру тобы «Рамазан айын арақ-шарапсыз өткізейік» рухани бастамасын іске асыруда.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бастаған шаһардағы барлық дін қызметкері қатысты. Негізгі мақсат – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының кәсіпкерлерге қасиетті Рамазан айында арақ-шарап дүкендерде сатпау жөнінде үндеуіне қолдау көрсетуге шақыру.

Айта кетсек, өткен жылы Шымкент қаласындағы зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, асабалар мен имамдар бірауыздан «Шымкент – арақ-шараптан ада шаһар» атты бастама көтерген болатын. Бүгінде өз жемісін беріп келеді.