Павлодар: Бас имам кәсіпкерлермен кездесті

0
300

Діни басқарма 2023 жылы алға қойған 5 бағыттың бірі – «Ізгі қоғам» бағыты  аясында Павлодар облысының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиалында Рамазан айының құрметіне орай кездесу болды.

Кездесуге Павлодар қаласының бір топ кәсіпкерлерімен қоса аудандардан палата мүшелері онлайн арқылы қатысты. Жиында облыс бас имамы Жолдас Бертымұратов «Қайырымды адам – қуатты қоғам» тақырыбында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ қасиетті айдың ерекшелігіне кеңінен тоқталып, Рамазан айында қайырымдылық жасау, көмек көрсету, зекет шығарудың маңыздылығы мен сауабы туралы кеңінен тарқатты. Кәсіпкерлерге мүмкіндігіне орай өздері тұрған елдімекендерде әртүрлі себептеріге байланысты мұқтаж болған (кәрілік, ауру-сырқау болу, көп балалы, жалғызбасты т.с.с) адамдарға қайырымдылық жасау, көмек көрсету, қол ұшын созу нұрдың үстіне нұр болатыны туралы түсіндірді.

«Біздің негізгі мақсатымыз – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс істеу, қажет болса мешіттердегі әлеуметтік төмен жағдайдағы отбасылардың тізімі арқылы жыл бойы жоспарлы түрде нәтижелі қайырымдылық-көмек жұмыстарының атқарылуына себепкер болу» деді облыстың  бас имамы.

Бұдан кейін кәсіпкерлер тарапынан ораза, зекет, садақа, пітір садақа, фідия садақа туралы әртүрлі сұрақтар қойылып, тұшымды жауап берілді. Соңында жоғарыда айтылған ұсыныстар арқылы лайықты іс-шарлар ұйымдастыру бағытында әлі де жиі-жиі кездесіп тұруға уағдаласты.