Ақтөбе: Рамазанға орай 33 дүкенде арақ-шарап және темекі сатылмайды

0
307

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының оразаға орай кәсіпкерлерге жолдаған үндеуіне үн қосты.

Аталған үндеуге орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты мешіттердің қала, аудан ауыл имамдары мен мешіт ақсақалдары жергілікті жердегі азық-түлік дүкендеріне барып, Бас мүфтидің үндеуін таныстырды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде-кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді», – деген.

Аталған шараның нәтижесі бойынша Шалқар мен Ырғыз ауданында 12 дүкен, Хромтау ауданы 5 дүкен, Мәртөк ауданы 4 дүкен, Темір мен Қобда ауданы 6 дүкен, қалада 6 дүкен жалпы 33 дүкенде арақ-шарап және темекі сатылмайтын болды.

Сонымен қаатр Хромтау қаласы бойынша облыстың тұрақтандыру қорынан нан өнімінің бағасын төмендету мақсатында төменде көрсетілген азық-түлік дүкендерінде нанның бағасы 10 дүкенде  90 теңгеден сатылымға шығарылды.Азық-түлік дүкендерінің тізімі:

«Айназ» дүкені (Есет батыр 7А) – 90 тг.

«Мерей» дүкені (Республика 7А) – 90 тг.

«23 магазин» дүкені (А.Әліпов 11Б) – 90 тг.

«Бекзат» дүкені (22 мөлтек ауданы) – 90 тг.

«Альтаир»дүкені (22 мөлтек ауданы ) – 90 тг.

«Баян» дүкені (Есет батыр 3А) – 90 тг.

«Марат» дүкені (Әйтеке би 48) – 90 тг.

«Жаслан» дүкені (Л.Чайкина 2) –90 тг.

«Асем» дүкені (М.Әуезов 14) – 90тг.

«Аяулым» дүкені (Болашақ 12) –  90тг.

Одан өзге т.б бірқатар азық-түлік дүкендеріне нан өнімінің төмендетілген бағасымен сатылымын жүзеге асыру мақсатында сұранысқа қарай қосылатынын ескертеміз.

Айта кетсек, үндеу аясында азық-түлік дүкенінен өзге кафе, мейрамханада түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.