Жетімдер үйіне «Рамазан тәттісі» таратылды

0
336

Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Рамазан тәттісі» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Кезекті қайрымдылық шара Шымкент қаласы, Қаратау ауданында орналасқан «Шымкент қаласы білім басқармасының №1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-де өткізілді.
Игі шараны Шымкент қаласы бас имам Бақдаулет қажы Нұрмтаұлы, Мұхамеджан Естеміров, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбековтер қатысып, жас бүлдіршіндерге ағалық кеңестерін айтып, баталарын берді.
Жалпы, рухани шараға 75 бүлдіршін қатысты. Олар өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды нақты жауаптарын алды. Әсерлі кездесу соңында барша қатысушыларға түрлі тәттілер санылған «Рамазан тәттісі» үлестірілді.
Кездесу аясында «Шымкент қаласы білім басқармасының №1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-ның директоры Бектемисова Алия Құрманқалиқызы алғыс айтып, діни басқармасының жұмысына ризалық білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі