142 миллион салауат айтылды

0
803

Бүгін ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Шымкент қаласы өкілдігіне қарасты Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Кел, Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтайық» атты салауат айтудан жарыс ұйымдастырылды.
Игі шараны Шымкент қаласы бас имам орынбасарлары Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, республикалық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар Әміре, дінтанушы Қалиолла Маджановтар, Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әуелі игі шара Асан қари Бахадырұлының Құран оқуымен басталды. Осыдан кейін, Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров пен ұйымдастырушы Жомарт Мырзашовтар жарық нәтижесі бойынша шолу жасады. Босқосу аясында дінтанушы Нұралы Бақытұлы салауат айтудың мән-маңызына айрықша тоқталды. Белгілі әнші Бекзат Сәкенұлы мен «Жігіттер» тобының әншілері діни жыр-термелер айтып, елдің көңілін көтерді.
Жалпы, жарысқа 3500 адам қатысты. 41 топ жұмыс жасады. Жарыс 1 ай 8 күн бойы жалғасты. Жалпы жарысқа 9 мемлекеттен онлайн түрде үміткерлер қатысты. Атап айтқанда Мысыр, Түркия, Монғолия, Өзбекстан, Полша, т.б. Жарыс нәтижесі бойынша жалпы салауат саны 142 682 631 рет айтылды.
Жарыс нәтижесі бойынша алғашқы ең көп салауат айтқан 15 қатысушыға сыйлықтар табысталды. Осының ішінде саны жағынан басым түскен үш үміткерге ұмра қажылық сертификаты табысталды. Олар:
І-орын: Мұрат Ошанұлы.
ІІ-орын:Барно Атаханова.
ІІІ-орын:Ақққұл Балнұр.
Жарыс соңында «Көркем» салтанат сарайында «Рамазан шатыры» аясында ауызашар дастарханы жайылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі