Оралда мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берілді

0
403

Ақжайық өңірінің бас имамы Самат Қанатқалиұлының бастамасымен  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан мүмкіндігі шектеулі жандарға аталмыш мекеменің ғимаратында ауызашар берілді.

Дастарқан басында Орал орталық мешітінің наиб имамдары Наурыз Убаев пен Ерденбек Ихсанов Рамазан айының қасиеті турасында уағыз-насихат айтты.

Наиб  имамдар сауабы еселеніп берілетін шараға қолдау көрсеткен ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен облыс имамы Самат Қанатқалиұлына алғыс білдіріп, отбасыларына амандық, кәсіптеріне береке бергей деп дұға етті.