500 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

0
455

Бүгін қасиетті Қадір рухани кеші қарсаңында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Айтулы шараларға Шымкент  қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов,  найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев,  іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Уақып» қорының өкілідері қатысып, үлестірді.

Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуден тұрған 500 отбасыға  азық-түлік себеті үлестірілді. Жалпы бір отбасыға  (ұн, күріш, шәй, май, қант, тамат, макорон өкімдері т.б.)  берілген көмектің қаржы мөлшері 25500 теңгені құрайды. Жыл сайын дәстүрлі түрде  өетін шараға қолдау көрсеткен  «ОTAU GROUP» құрылыс компаниясына Алла Тағала разы болсын!

Айта кетсек,  қайырымыдылық 5 орында өткізілді. Кейбір азаматтардың мүмкіндік шектеуіне орай үйлеріне жеткізілді.

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі