Шымкентте Ораза айт намазы оқылды

0
420

Бүгін Шымкент қаласы бойынша 91 мешітте бір уақытта Ораза айт намазы оқылды. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов Шымкент қаласының тұрғындары мен жамағатын айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ Төрағасы Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау сәлемін жеткізді. Айт намаз жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Намазға келген халық мерекелік көңіл күймен айт намазын атқарды. Ораза айт құтты болсын!

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі