Ақтауда болған қылмыстың “Жусан” операциясына қатысы болмай шықты

0
223

Учаскелік полиция инспекторының ағымдағы жылдың наурыз айында балаларын өлтірген Ақтау тұрғыны қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі “Жусан” бағдарламасының қатысушысы болғандығы және есепте тұрғандығы туралы түсініктемесі қайтадан тексерілді. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігі анықталды. Осыған байланысты қызметкермен алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.