Республикалық бата беру байқауы басталды

0
354

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласында Бас мешітте ақсақалдар арасында І республикалық бата беру байқауы басталды. Байқауға облыс, қалаларда өткен іріктеу турында үздік деп танылған 20 ақсақал қатысуда. Игі іс-шараның ашылу салтанатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Халқымыз үшін бата беру – адам баласының сенімін нықтайтын мағыналы, рухани күш. Ата-бабаларымыз бұрыннан ақсақалдың батасын, алғысын алуды өзіне парыз санаған. Батаны көпті көрген қариялар ғана береді. Сондықтан қариялар да халық алдында беделін түсіріп алмауға, бата беруге лайық болуға тырысқан. Біз бата беру дәстүрімізді жаңғырту мақсатында осы іс-шараны республикалық деңгейде өткізіп отырмыз» деді. Байқау жеңімпаздары шариғат пен дәстүрге сай мағыналы бата беру, дауыс ырғағы, киім үлгісі, қосымша сұрақтарға жауап беру талаптары бойынша анықталады.