Президент: Рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!

0
208

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады. – Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы! – деді Президент.