Қызылорда: Имамдар форумында қабылданған құжаттар таныстырылды

0
287

Қызылорда қалалық орталық «Нұр» мешітінде «Имам – ізгі қоғам жаршысы» тақырыбында имамдар жиыны өтті.

Облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен өткен жиында V Республикалық имамдар форумында қабылданған  «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі», «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі», «Қажының рухани келбеті» құжаттарын таныстырып, мән-мазмұны мен маңызын түсіндірді.

Нақтырақ айтқанда, бас имам аталмыш құжаттардың дер кезінде қабылданғанын атап өтіп, ізгілік пен имандылыққа үндеуші имамдардың қоғамдағы рөлі мен қызметіне, ҚМДБ-ның дін мен дәстүр сабақтастығына негізделген жұмыс бағыттарына, қасиетті құлшылық орындағаннан кейінгі қажылардың рухани келбетіне тоқталды. Сонымен қатар діни және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында аталмыш құжаттарды жамағатқа  насихаттау қажеттілігін жеткізді.

Жиын соңында  жұмыс өтілі көп тәжірибелі имамдар пікірмен бөлісіп, қолдауын білдірді.